"Ертістің" жаңа бас бапкері болып испандық маман Херард Нус тағайындалды, деп хабарлайды "Ертіс" ФК ресми сайты. Бұл маманмен келісімшарт екі жылға жасалды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы павлодарлықтардың жаңа бапкерінің жаттықтырушылық мансабы туралы толығырақ таныстырады.
Херард жастық шағында футболмен айналысқан, бірақ уақыт өте келе ойыншы болудан бас тартты. Бапкерлік мансап туралы Нус ерте армандай бастады, кейін ол өзінің арманына қол жеткізу үшін алғашқы қадамын жасады.
Алдымен ол команданың әкімшісі ретінде Реус атты кішкене қалада еңбек ете бастады. Содан кейін Нусты "Рапитенка" ФК клубына шақырды, ол клубтан кейін "Химнастик Таррагона" командасына көшті. Осы уақыт ішінде Херард бапкерге оқып, жақынарада өзінің арманын орындауды мақсат етіп жүрді.
Бірінші бапкерлік тәжірибесіне Нус Англияда қол жеткізді. 2007 жылы "Ливерпульда" Нус академияда жұмыс жасап, бұл танымал клубтың бірінші испандық бапкері атанды. Бір жылдан кейін клубқа Бенитес келді. Аты шыққан бапкер Херардтың дарындылығын байқап, оны негізгі командаға шақырды.
- Бенитес - басқаларына өзінің құндылықтарын - қатаңдықты, салмақтылықты және білімді - беретін адам, - деп сұхбаттарының бірінде Нус Бенитеспен жұмыс жасаған кезеңі туралы айтады. - Ол әрдайым сабырлы және басқалар қабылдап алмайтын ештеңе айтпайды. Рафаэль салмақты және өз ісіне беріліп жұмыс жасайды. Ол шешімді тек жанжақты баға бергеннен кейін және сараптама жасағаннан кейін қабылдайды. Чемпиондар Лигасындағы "Реалды" 4:0 есебімен жеңіске жеткен ойынды еске аламын. Кейбір ойыншылар мадридтік журналдың басты бетінде "Энфилд" суретін көрмеді. Ағылшындықтарға бұл ұнамады. Қосымшы уәжедемелеу мақсатында Бенитес бұл журналды шешінетін бөлмеге іліп қоюды рұқсат етті. Психологиялық тұрғыда бұл өте маңызды, бұған дәлел қарсыласты ірі есеппен жеңу.
"Ливерпульдан" кейін Херард Нус бас бапкердің көмекшісі ретінде "Чуннам Драгонс" (Оңтүстік Корея) және "Мельбурн Сити" (Австралия) командаларында жұмыс жасады.
- Мен үшін жердің басқа бөлігіне жол жүру қиындыққа соқпайды, - дейді Херард. - Жағдайы жасалған орында көп уақыт өткізгім келмейді. Мен кәсіби тұрғыда өсуге ынталымын, сол себептен бұл ұсыныстарға ойланбай жауап бердім. Менің ойымша, испандық бапкерлер бүкіл әлемдік футболда үлкен ықпал етеді. Біздің бапкерлерді өзге елге шақырулар ол - "Реал", "Барселона" және Испания құрамасының жетістіктері.
Оңтүстік Корея мен Австралиядаға жұмыс өз жемістерін берді. Уақыт өте келе ол Гана ұлттық құрамасының бапкерлік штабына кірді. Бұл құрамада ол "Челсиде" жұмыс жасаған израильдік маман Авраам Грантқа көмектесті. 2015 жылы "қара жұлдыздар" Африка Ұлттарының Кубогында екінші орын алды.
- Басқа бапкерлермен жұмыс жасағанда мен олардан жаңа білім алуға тырысамын. Авраам Грант туралы айтатын болсақ, ол маманда қиын жағдай туындаса, әрдайым шешім іздейтін еді. Грант ойыншылармен көп әңгімелеседі, оларды түсінуге тырысады. "Челсидағы" ауқымды еңбек арқасында оның еңбегі жемісін берді. Авраамды Лондонда әлі күнге дейін еске алады.
Өз бетімен бас бапкер ретінде Херард Нус солтүстің-америкалық лиганың "Райо ОКС" клубын жаттықтырды. Бұл бапкердің жұмысы кезінде команда 16 ойын өткізді, оның ішінде алты рет жеңіске жетті, бес рет тең түсті және бес рет жеңілді.
- Әрине, мен қобалжыдым, себебі бұл менің бас бапкер ретінде бірінші тәжірибем болған, - дейді Нус. - Сонымен қатар, мен осыншама жылдар бойы көмекші ретінде жасаған еңбегім өз жемісін берді. Бұл клубтың жабыл қалғаны өкінішті, мұндай жағдайда мен ештеңе өзгерте алмаймын. Команданың жетістіктеріне тоқталатын болсақ, бұл жағдайда ешқандай қиындықтар болған жоқ. Біздер NASL лигасының жартылайфиналына дейін жеттік. Бұл үлкен жетістік болды - соңғы он ойында біздер жеңілгеніміз жоқ. Ал соңғы бес ойында тіпті жеңіске жеттік. Бір сөзбен айтқанда, бұл маусымнан мен үлкен жағымды эмоциялар алдым.
"Ертістің" жаңа бапкері мансабында техникалық директор жұмыс тәжірибесі бар. Херард Нус был рөльде испандық "Райо Вальекано" және "Эльче" клубтарында жемісті еңбек етті. Және де бұл жас маман ағылшындық "Брайтон" клубының академиясының басшысы ретінде де жұмыс жасаған.