KZ
KZ RU
02 қараша 2021 18:41

Көңіл айту

02 қараша 2021 18:41

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басшысы Шарипа Бихамбетова мезгілсіз өмірден озды.

Шарипа Шайқамалқызы Бихамбетова «Ақтөбе» футбол клубында 2004 жылдан 2015 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Оның қызметі кезінде ақтөбелік клуб ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанды.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз.