10 қаңтар 2022 10:04
Көңіл айту
10 қаңтар 2022 10:04
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ұжымы қаңтар айында еліміздің барлық қалаларында жапа шеккендердің тума-туыстарына қайғырып көңіл айтады, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілек білдіреді.
Сонымен қатар ҚКФЛ қазіргі сәтте еліміздің тыныштығын және конституциялық тәртібін сақтауға ат салысып жатқандарға алғыс білдіреді!
Басқа жаңалықтар