KZ
KZ RU
12 шілде 2023 15:45

Көңіл айту…

12 шілде 2023 15:45

Аты аңызға айналған кеңестік және қазақстандық футболшы, белгілі футбол функционері, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Икрамұлы Байшақов 73-жасқа қараған шағында өмірден озды.

Сейілда Икрамұлы өмірін қазақстандық футболға арнап, оның тарихында алдымен аты аңызға айналған футболшы, содан кейін білікті маман ретінде жарқын із қалдырды. Ол еліміздегі футболдың дамуына баға жетпес үлес қосып, өскелең ұрпақ үшін үлгі атанды. 

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Сейілда Икрамұлының туысқандары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Сейілда Байшақов есімі біздің жүрегімізде мәңгі қалады.