KZ
KZ RU
27 сәуір 2018 11:27

Кәкімов голы – Премьер-лиганың алтыншы турының үздігі

27 сәуір 2018 11:27

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың алтыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда қазақстаныдық футбол жанкүйерлері көптеген комбинациялық шабуылдар мен голдардың куәсі болды. Барлығы 17 гол соғылды. Біреуі ғана пенальтиден. 
 
Сауалнама ҚКФЛ ресми сайтында және «Вконтакте» әлеуметтік желісінің @pflkaz тобында өткізілді.  
 
Сауалнама нәтижесі бойынша «Ақтөбе» жартылай қорғаушы Асланбек Кәкімовтің қарағандылық «Шахтер» қақпасына соққан голы үздік атанды. Ол қарсыластарының әлдеқайда озық шықтты. Дауыс берушілердің саны - 1253.
 
Дауыс беру қорытындысы:
1. Асланбек Кәкімов голы (Шахтер – Ақтөбе 1:1) – 1253 дауыс;
2. Карлос Фонсека голы (Жетісу – Ертіс 2:1) – 727 дауыс;
3. Еркебұлан Тұңғышбаев голы (Ордабасы – Астана 1:2) – 494 дауыс.
 
Асланбек Кәкімов голы сәуір айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады. Аталған сауалнама айдың аяғында өткізіледі.