KZ
KZ RU
30 қыркүйек 2017 15:21

Көшбасшылар мен талапкерлер: 29-шы турға превью

30 қыркүйек 2017 15:21
«Ертіс» – «Қайрат»
Өтетін орны: Павлодар, «Орталық» стадион, 15:00
Дисквалификация: Пірәлі Әлиев, Илья Калинин, Родриго Антонио – Ғафуржан Суйімбаев
Ауа райы: +6, бұлтты
Трансляция: 
Қазспорт телеарнасы
 
Турдың ең қызықты ойындарының бірі Павлодарда өтеді. Жергілікті "Ертіс" қола жүлдеге таласуға дайын, бірақ бұл мақсатты орындау оңай емес, ал "Қайрат" бірінші орынға деген үміттерін үзер емес - бұл жағдайды да оңай деп айта алмаймыз.
  
Командалар бұл кездесуге әр түрлі көңіл-күйде келуде - павлодарлықтар ұпай жинауда қиындық көруде, себебі жаңадан келген бапкерге үйренуде, ал алматылықтарды бапкер ауысқаннан кейін тоқтату мүмкін емес.
 
"Қайрат" солтүстікқазақстандық командадан басым түсті, бірақ бұл ойын Кубокта болды. Ал чемпионат аясында командалар тек тең ойнауда. Мүмкін бүгін бұл жағдай өзгерер?
 

«Ордабасы» – «Ақжайық»
Өтетін орны:
 Шымкент, Қажымұкан атындағы стадион, 16:00
Дисквалификация: Александр Симчевич, Таңат Нөсербаев
Ауа райы: +3, күн ашық
Трансляция: 
ҚКФЛ ТВ
 
Шымкенттіктер қалтырауда - басқаша олардың нәтижелерін сипаттау қиын. Алматыда болған 1:5 есебімен жеңілгеннен кейін, өз алаңында "Ертіске" есе жіберіп, ұпай жоғалтты. "Ақжайық" соңғы бес ойында үш рет жеңіске жетіп, кестедегі жағдайларын жақсарта алды. Чемпионаттың бұл бөлігінде Масудов командасынан ұпайды асыра жинаған тек "Қайрат" пен "Астана".
 
Шымкенттіктер өздерін үшінші орында еркін сезінуге мүмкіндік беретін қоржындағы ұпай жеткілікті. Жоғары көтерілу мүмкін емес, ал төмен түсуді команда мақсат етпейді. Сенбіде "Ордабасы" қалай болса да ұпай жинауға тырысады, себебі оларға "Ертіс" пен "Тобыл" жақындап қалды.  
 

«Қайсар» – «Оқжетпес»
Өтетін орны:
 Қызылорда, Ғ.Мұратбаева атындағы стадион, 16:00
Дисквалификация: Абдель Азиз Ламанж 
Ауа райы:: +8, күш ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
"Қайсар" алтыншы орында тұрақтай алмады, енді жіберген есені қайтару қажет. Бірақ көкшетаулық командада жағдай әлде қайда нашар. "Оқжетпес" екі рет бапкер ауыстырып үлгерді, бірақ бұл өзгерістер жақсы жаңалықтар әкелер емес. Команда бес ойын қатарынан жеңіліс сериясын жалғастыруда.
 
Өтіп жатырған маусымда өзара кездесулерде "Қайсар" мен "Оқжетпесте" теңдік - командалар өз алаңдарында бір-бірден жеңіске жеткен. Ұжымдар арасындағы үшінші ойында қызылордалықтар өз алаңдарында ойнайды, бұл басымдылықты пайдаға асыру мүмкін бе - оны бүгін көреміз.

«Атырау» – «Шахтер»
Өтетін орны:
 Атырау, «Мұнайшы» стадионы, 17:00
Дисквалификация: Юлиус Сзоке
Ауа райы: +10, күш ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
"Кеншілер" маусымның соңғы бөлігін сенімді өткізуде. Әрине, жеңіслістерде болады, бірақ қарағандылықтар турнирлік кестенің ортасында. Чемпионаттың басында "Шахтер" алтыншы орын туралы тек армандайтын еді.
 
"Мұнайшылар" маусымның аяғында қиындықтарға тап болды - ойыншлардың жарақаттары мен қоса бас бапкерде кетті. Жеңіс "Атырауға" ауадай қажет, сол себептен өз алаңындағы ойын батысқазақстандықтар үшін жақсы мүмкіндік.  
 

1 қазан
«Тобыл» – «Астана»
Өтетін орны: Қостанай, «Орталық» стадион, 16:00
Ауа райы: +7, бұлтты
Трансляция: 
ҚКФЛ ТВ
 
Турдағы екінші ойын күні "Тобыл" мен "Астана" арасындағы ойынмен басталады. Елордалықтар апта ортасында Еуропа Лигасында "Славияға" қарсы кездесу өткізді, сондықтан астаналықтар ойынға шаршаңқы келуі тиіс. Қостанайлықтарда чемпиондарға қарсы ойынға күш жинап, арнайы дайындалуға уақыт жеткілікті болды.
 
Айта кетейік, "Тобыл" өз алаңында өткізген соңғы ойынында "Астанадан" басым түсуі мүмкін еді, бірақ ол кездесуде қостанайлықтар тиімді нәтижені ұстап қала алмады. Жексенбіде Евдокимов ойыншыларында жеңіске жетуге мүмкіндік бар, тек бір жұдырықтай жұмылып ойнау керек. 

«Тараз» – «Ақтөбе»
Өтетін орны: Тараз, «Орталық» стадион, 18:00
Дисквалификация: Бағдат Қаиров
Ауа райы: +4, күн ашық
Трансляция: 
ҚКФЛ ТВ
 
"Ақ-қызылдар" ойын ырғағына енді кіре бастады, Мұхановтың не талап ететінін түсіне бастады. "Ақтөбе" соңғы ойында ұтылғанымен, жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Батысқазақстандық команданың ең басты проблемасының бірі ол - пайда болған мүмкіндіктерді 100 пайызды пайдалану.
 
Тараздықтардың жолы болмауда, Ваит Талгаев командасы соңғы ойындарда ұпайды жиі жоғалтты. Бірақ "Ақтөбеге" қарсы ойын ерекше болады - қонаққа кестедегі көршілер келеді, бұл жағдай ойыншыларға қосымша уәждеме беретіні анық. Тараздағы "Орталық" стадионда жанкүйерлер жалықпайтыны анық.