03 наурыз 2017 15:02
Кахабер Цхададзе: «Ертеңгі «Астана» командасына қарсы кездесуге 100% дайын деуге болады»
03 наурыз 2017 15:02
- Қайырлы күн достар. Баршаларыңызды 2017 жылғы футбол маусымының басталуымен құттықтаймын. Сіздерден ең алдымен кешірім сұрағым келіп отыр. Менің жанымда команда капитаны Бауыржан Исламхан болу керек болатын. Сырттағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты, футболшымыздың денсаулығына алаңдаушылық білдірдік. Сондықтан, команда капитаны бүгінгі баспасөз жиынына қатыса алмады. Бауыржанның және өзімнің атымнан сіздерден кешірім сұраймын.
- Команда осы кездесуге дайындық жұмыстары барысында 11 метрлік айып добын тебуге дайындалып жатыр ма?
- Команда кездесуге барынша жоғары деңгейде дайындалып жатыр. Ертеңгі «Астана» командасына қарсы кездесуге 100% дайын деуге болады. Біз барлығына дайынбыз, тіпті ойын соңындағы пенальти сериясына.
- Команда құрамына маусымаралық үзіліс кезінде Георгий Жуков пен Елдос Ахметов келді. Бұл ойыншылардың ертеңгі кездесуге қатысу мүмкіндігі қалай?
- Қатарымызға жаңадан келген ойыншылардың барлығы жоғары дәрежедегі, мықты ойыншылар. Ертеңгі ойынға барлығы дайын деген ойдамын. Ең бастысы команда ішінде өте жоғары бәсекелестік бар. Мен өз командамның ойыншыларына сенемін.
- «Қайрат» командасы сапындағы Бауыржан Тұрысбектің командадағы рөлі қандай?
- Біз бапкерлер құрамымен ақылдаса келе осы маусымда Бауыржанның ойын позициясын өзгерткен болатынбыз. Ол алдағы уақытты Жерар Гоуға тікелей бәсекелестік туғызады ден сенемін. Жалпы менің командамда қосалқы құрам ойыншысы деген түсінік жоқ. Барлығы негізгі құрам ойыншлары.
- «Астана» командасын өздеріңізге «жау» ретінде санайсыздар ма?
- (күледі) Әрине жоқ. Біз соғыста жүрген жоқпыз ғой. Біз алаңда, ел чемпионаты, Кубогы, Суперкубогы бәскелерінде бір-бірімізге қарсыласпыз. Кез келген елдің чемпионатында бір-біріне бәсекелес екі команда бар. Бізді де сондай. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу нағыз ель-классико деуге келеді.
"Астана" баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар