Капитан командаға жеңіс сыйлады
Кеше Қарағандының "Шахтері" Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында өздерінің алтыншы матчын өткізді. Бұл жолы "Шахтерге" Запарожьенің "Метталлург" клубы қарсылас атанды. Матч Анталияның Kremlin Palace спорт кешенінде өтті.
Өткен жылы "Металлург" Украина премьер-лигасынан ұшып кеткен болатын. Биыл біріншіліктің бірінші лигасында өнер көрсетіп жүр 21 турдан кейін 51 ұпаймен 16 команданың ішінде көш бастап келеді.
Бұл матчқа «Шахтер» жауапты қарап, ойынға үздік құрамын шығарды.Қақпаны Александр Мокин қорғаса, алаңда Алдин Джидич, Никола Василевич, Андрей Порываев, Александр Киров, Норайр Саакян, Гедиминас Вичюс, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Серік Досманбетов және Андрей Финонченко сынды саңлақтар ойқастады.
Ойын "кеншілердің" айқын басымдығымен өтті. Игра проходила подавляющим примуществом «горняков». Футболшыларымыз жиі шабуылдап, қорғанысты да керемет ұйымдастыра білді. Дегенмен, "Шахтердің" толассыз шабуылдарына қарамастан бірінші таймда есеп ашылған жоқ.
Үзілістен кейін "Шахтер" футболшылары ойын тізгінін қолдарынан шығармастан шабуылдарын үдете берді. Ақыры 74-ші және 83-минуттарда кеншілер шабуылшысы Андрей Финонченко екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Екінші таймда "Шахтер" сапында алаңға Евгений Тарасов, Асхат Борантаев, Жомарт Рсалин, Артем Васьков, Виталий Ли секілді сайыпқырандар шықты.
Негізі "Металлург" пен "Шахтер" бұған дейін КСРО бірінші лигасы мен "А" классының екінші тобының турнирлерінде барлығы 12 рет кездесіпті. Алты рет біздің футболшылар жеңіске жеткен. екеуінде "Металлург" басым түссе, төрт кездесу тең аяқталыпты. Доп айырмашылығы - 14:8 "кеншілер" пайдасына. Көбінесе (3 рет) ойын 2:0 есебімен аяқталған. Екеуінде мұндай есеппен "Шахтер" басым түссе, бір рет қарсыластар жеңген.
Осымен ел чемпионының екіші оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Бұл жиын Түркияның Сиде қаласында қаңтардың 5-і мен 25-і аралығында өтті. Енді бір аптадан кейін Виктор Кумыков шәкірттері маусым алдындағы жиынын өткізу үшін қайта Түркияға ұшады.
Қайрат ӘБіЛДИНОВ,
«Шахтер» футбол клубының медиа-офицері