28 ақпан 2018 17:55
Карлос Алос Феррер: Бізде әр позицияда екі ойыншыдан бар – бұл өте жақсы
28 ақпан 2018 17:55
Алматылық «Қайраттың» испандық бапкері Карлос Алос Феррер ҚР Суперкубогының қарсаңында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының сұрақтарына жауап берді.
- Өз команданаңыздың маусымға дайындығын қалай бағалайсыз? Жоспарларды жүзеге асыра алдыңыз ба?
- Қысқы даярлықты тек позитивті түрде бағалай аламын. Біз ауқымды жұмыс жасадық, әсіресе физикалық тұрғыда. Жаттығуларды ерекше өткіздік – барлық жұмыс доппен жүрді. Нәтиже мені қанағаттандарды. Командадағы жаңа ойыншылардың бейімделу кезеңі аяқталды деуге болады. Біздер эксперимент жасауды жалғастырып жатырмыз. Маусым алдында жақсы команда жасақталды, ойыншылар таңдауы мол. Қазір әр позицияда екі ойыншыдан бар – бұл өте жақсы. Кейбір позициялар бойынша бірауыз пікірге келдік, бірақ шешімі табылмаған мәселелерде әлі де бар.
- 2018 жылғы «Қайраттың» былтырғы жылғы командадан айырмашылығы бар ма?
- Жаңа команда өткен маусымдағы құрамадан өзгеше болатыны анық. Біздің ұжымнан екі негізгі ойыншы кетті – Сесар Арзо мен Жерар Гоу. Командадан Гоу кету себебінен, шабуылдарды құру жағынан жаңашылдықтар болады. Жерар – ерекше қасиеттері бар ойыншы. Ол бапкерлік ойларды сәтті жүзеге асыруға көмегін тигізген шабуылшы. Қазір бізде Жерардан өзгеше екі форвард бар. Олар мүлдем басқа стильде ойнайды. Қорғаныста ойыншылардың таңдауы шектеулі, бірақ алдыңғы шепте өзгерістер көп болады, оларға үйрену қажет.
- Ұжымның жаңа ойыншылары туралы қандай пікір айта аласыз?
- Гай командаға тез үйренді. Ассулин еуропалық футболдан келді – ол Испанияда өнер көрсетті, оның адаптациясы өте жылдам өтті. Оның жұмысқа деген ниеті өзімді қанағаттандырды. Угоға қатысты – бұл ойыншыға уақыт беру маңызды, себебі ол өзгеше футбол ойнады, планетаның басқа бөлігінен келді. Сильвейра жаңа маусымда біздің команданың маңызды мүшесі болатынына күмәнім жоқ.
- Қысқы даярлық кезінде «Астананың» жолдастық кездесулерін қарай алдыңыз ба?
- Иә, біздер «Астана» және де басқа командалардың ойындарын тамашаладық. «Қызыл-Жар СК» және «Ертістің» спаррингтеріне бардық. Түркияда өткен барлық кездесулерді қарауға тырыстық. Кейбір ойындарды бейнежазбада қарадық, әсіресе елордалық команданың Еуропа Лигасындағы кездесулерін дәл осылай көрдік. Қарсыластарды сараптау – біздің міндетіміз. «Астана» еуропалық ойын өрнегін көрсетеді, олар соңғы жылдардың чемпионы. Елордалық команданың физикалық дайындығы біздің ұжымға қарағанда жоғары, себебі олар португалиялық «Спортингпен» қос матч өткізіп, жаңа маусымды бастап кетті. Қарсылас сапында Жуниор Кабананга кетті, сондықтан «Астананың» бапкерлік штабы шабуылдағы ойынды басқаша ұйымдастырады деп ойлаймын.
- Суперкубок үшін ойын жаңа маусымды ашады. Сіздің командаңыз алғашқы ресми кездесуде елордалық командадан қандай қасиеттер арқасында басым түсе алады?
- Бізге допты бақылауға алып, өзіміздің үйреншікті стилімізді сақтап, тек жеңіске ойнау керек. Ойын тізгінін өзіміздің қолымызға алып, шабуылдап, ойын ырғағын өзгертпеу тиіспіз. Шабуыл шепінде командада жылдым ойыншылар бар, сол себепті кездесудің қарқынын жоғары деңгейде ұстау маңызды. Қазақстан чемпионына қарсы ойнайтынымызды түсінеміз. «Астананың» физикалық даярлығы жоғары деңгейде, және де олар өз алаңдарында ойнайды. Матч қиын болады, бірақ басталғалы тұрған маусым тек қана Суперкубоктан тұрмайды, алда көптеген маңызды кездесулер бар.
Басқа жаңалықтар