KZ
KZ RU
27 қаңтар 2017 10:46

Кешегі күндерді еске түсіру: Олег Воскобойников

27 қаңтар 2017 10:46

Қазақстанда оған Бартез деген ат қойған, себебі француздық қақпашы сияқты өз орнын ешкімге бермеді. Түрі де өте қатты ұқсас. 

Футболға оны алғаш рет әкесі әкелген екен. Өзі де кәсіби ойыншы болған. Кезінде Тараз командасында өнер көрсетті. Ұлы болашақ спортшы болғанын аңғарғандай, Олегке жақсы тәрбие берді. Көп ақыл-кеңес айтқан. Жас кезінен бастап Воскобойников еңбекке үйренген – жайлауда шабан болып жұмыс істеді. Бау-бақшада да көмектескен. Сөйтіп, жұдырықтары мықты болып, футбол ойнағанда жарақат дегенді білмеген.

Воскобойниковтың бірінші бапкері – Төлеген Орынбаев. Онымен бірге кейін танымал болған Бағлан Ергешев пен Михаил Мельников секілді футболшылар да жатығуға барған. Әуелі Олег шабуылда өнер көрсеткен, бірақ күндердің бірінде негізгі қақпашы жаттығуға келмей, бапкер Воскобойниковты қойғызған. Оған ұнады, себебі әкесі де осы позицияда өнер көрсетті. Мектепте оқып, өзін болашақта тек кәсіби ойыншы ретінде көрді. Ал 1989 жылы футболда алғашқы жалақысын түркістандық «Монтажник» командасында алған болатын. Оқығысы келмеді, бірақ әкесі ұлынан институтқа түскенін талап етті. Сол жылы «Томирис» командасына ауысты. Кейін ата-анасы көлік апатында қаза тауып, Олег тек футболдың арқасында осы қайғыдан айықты. 

- Мен тек негізгі қақпашы болғанын қаладым, - дейді Воскобойников. – Сол үшін тер төгіп, көп еңбектендім. Ең бастысы – негізгі құрамда алаңға шығу. 1992 жылы «СКИФ-Ордабасы» командасында бірінші қақпашы Слава Радке болатын. Мен болсам - екіншімін. Осындаймен көне алмадым, сондықтан өзімді жаттығуларда көрсетуге тырыстым. Маған бапкерлер мүмкіндік бергенде, онымен пайдалана алдым. Содан кейін командаларда тек бірінші нөмірі болдым. Сол баяғы Радткенің, Новиковтың, Ишутинның, Востриковтың ойыны өте ұнады. Әрқайсысынан бір нәрсені алуға тырыстым. Үлкендерге қарап, олардан тәжірибе алғанмын. 

Футбол мансабының ең сәтті кездері «Таразда» өтті. Ел чемпионы атанып, қатар үш рет Қазақстанның үздік ойыншысы аталды. Әуелі сол команданы Құрбан Бердыев жинап, кейін ақша мәселесінен Ресейге кетуге мәжбүр болды. Оның орнына Ваит Талғаев келіп, ол да Воскобойниковке сенім артқан. Осы бапкердің қоластында ол «Таразда» екі маусым және «Атырауда» да екі маусым бойы ойнаған. Қызылордалық «Қайсар» болса, олардың сапында Олег Қазақстан Кубогының иегері атанды. 

Ұлттық құрамада қақпашы 24 ойын өткізген. Алғашқы матчы 1994 жылы Тәжікстанға қарсы Ташкент қаласында өтті. Сонда қазақстандықтар жалғыз голдың арқасында 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Бас команданың сапында жүріп, әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің шешуші раундына шығуына өз үлесін қосқан. Бір рет халықаралық жарыста гол соға алған екен. 

- Қарсыластар қақпашысы өзі қорғаған қақпадан тым алыс кеткенін байқап, допты ұрып жібердім, - деп есіне түсіреді Олег. – Сөйтіп, доп қақпаның ішіне кірді.

Ұлттық құрама сапында соңғы ойынын 2000 жылы Біріккен Араб Әмірлігі еліне қарсы өткізген. Руслан Балтиев екі доп соғып, өз командаластарына бәрібір көмектесе алмады. Есеп – 2:5.   

«Атырау» мен «Ақтөбеден» кейін Воскобойников «Тараз» және «Ордабасы» сапында ойнаған. 2006 жылы өз мансабын аяқтаған, бірақ шымкенттік командада қосалқы құрамда отыруын жалғастырды. Кез-келген жағдайда алаңға шығуға дайын болатын. 

Содан кейін белгілі ойыншыға «Ордабасы» қақпашылар бапкері болуына ұсыныс жасады. Олег бірден келісімін беріп, төрт жыл бойы осы лауазымда қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Воскобойников «Қайраттың» қақпашыларын жаттықтыруда. Алматылықтар сапында ұлттық құраманың ойыншылары жүр, сондықтан Олегтың ел футболының дамуына қосқан үлесі зор. Қазақстанның үш дүркін үздік ойыншысы атанып, өз сүйікті ісімен көп жылдар бойы айналысуын жоспарлайды. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Олег Воскобойниковке осы салада тек қана табыс тілейді!