KZ
KZ RU
23 қаңтар 2017 18:57

Кешегі күнді еске түсіру: Серік Жейлітбаев

23 қаңтар 2017 18:57

Серік 1974 жылдың маусымның 24-де Қарағанды қаласында дүниеге келген. Өз кәсіби мансабын алматылық «Олимпия» командасында 1992 жылы бастады. Оны алматылық «Қайрат» клубының бапкерлері байқап, командаға шақырды. КСРО чемпионатында өнер көрсеткен футболшылар алматылықтар сапында аз емес. Масудов, Волгин, Огай секілділерден біраз сабақ алып, Жейлітбаевтың өзі шамалы уақыттан кейін «Қайраттың» көшбасшысына айналды. 1993 жылы Серік барлық ойындарда да негізгі құрамда алаңға шығып, бірнеше доптың және нәтижелік пастардың авторы атанды. 

- Біздің құрдастарымыз пәтер, көлік, ақшаға ешқашан да құмар болған емес, - деп еске түсіреді Жейлітбаевтың өзі. - Дегенмен, 1995 жылы мен үйленіп, бір жылдан кейін қызым дүниеге келді. Сондықтан ақша табуға тура келді. Бірақ, біріншіден, біз тек қана футболды, ал сосын ғана осы ойын әкелетін пайданы ойладық.  Қазіргі футболшылар үшін ең бастысы – ақша ғана.

«Қайраттан» кейін оны Ресейге шақырды, бірақ көрші елге келгеннен кейін ғана команданың үшінші лигада өнер көрсететінін білді. Амал жоқ – Қазақстан клубтарында қаржы болмады, сондықтан «Сибирь» командасында ойнауға келісті. Жоғары дәрежелі ойынды көрсетіп, жоғары лиганың клубтарына көзге түсті. Сөйтіп, бірнеше ұсыныс алды. Қазақстаннан да екі ұсыныс болды – «Шахтер» мен «Қайрат» командаларынан. Алматалықтарды болашақ атақты бапкер Құрбан Бердыев жаттықтырды. Оған Жейлітбаев тез өзінің келісімін берді. «Қайрат» сапында бірнеше маусым өткізіп, кенеттен Түркменстан еліне аттанды. «Ниса» командасына да оның мүмкіндіктерін жоғары бағалайтын Бердыев шақырды. Жаңа орында Серік Қазақстан чемпионатының болашақ жұлдыздары – Реджепмұрат Ағабаев, Байрамнияз Бердыев пен Юрий Бордолимовпен танысты. 

Содан кейін тағы да – «Қайрат», сосын – «Шахтер» және петропавлдық «Есіл-Богатырь» командаларында өнер көрсетті. Барлықтарында да жартылай қорғаушы өзін тек жақсы жағынан көрсетті. 

2002 жылы оны Дмитрий Огай павлодарлық «Ертіске» шақырды. Осы командада Серік төрт жарым жыл өткізіп, бірнеше жетістіктерге ие болды. Соның ішінде ең маңыздысы - екі чемпиондық атақ пен жанкүйерлердің махаббаты. Әсіресе, айып соққыларын керемет орындады. Оның айтуынша, Огай бастаған команда жолдастық қалыпта өмір сүрді. Ешкімнің кеткісі келмеді. 

2006 жылы командадан кетуге тура келді. Қарағандылықтар сапынан тағы да көрінді. Содан кейін «Жетісу» мен «Қайратта» біраз уақыт ойнады. Ал футбол мансабының соңғы жылдары Вахид Масудов жаттықтырған өскемендік «Востокта» өтті. 2010 жылы ауыр сырқаты күшейе түсті, сондықтан Жейлітбаев футболмен қош айтысты.

Оны әрқашанда бапкерлік мамандығы қызықтырды. 2012 жылы «Қайрат» клубының қосалқы құрамында өзінің осы саладағы жұмысын бастады. Бірақ 2013 жылы, өкінішке орай, көз жұмды. Көптеген идеялары бар болатын, бірақ оларды жүзеге асыруға үлгермеді...

Сол жылы Серік Жейлітбаевтың атынан сыйлық тағайындалды. Аталған сыйлық Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасымен әр маусым сайын ел чемпионатында ең көп ойын өткізген футболшыға ұсынылады.

Алаңдағы шеберлігі мен алаң сыртындағы  азаматтығы қатар тұратын Жейлітбаевты әріптестері, достары, жанкүйерлері ешқашан да ұмытпайды. Мәңгі жүрегімізде қалады...