KZ
KZ RU
11 қазан 2017 17:30

ҚКФЛ алаңдарды тексеру Комиссиясы Оқжетпес стадионына барды

11 қазан 2017 17:30
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының алаңдарды тексеру комиссиясы Көкшетау қаласына ат басын тіреп, "Оқжетпес" стадионының жаңа алаңының ресми ойындарға даярлығын тексерді.  
 
Бұдан бұрын Комиссия көкшетаулық стадион төсенішінің нашарлығына байланысты ҚКФЛ аясында өтетін барлық ресми ойындарды өткізуге тыйым салып еді. "Оқжетпес" футбол клубы маусымдағы өз алаңындағы кездесулердің басым бөлігін қосалқы стадиондарда қабылдады - "Астана Арена" (Астана қ.), "Тарлан Арена" (Астана қ.), "Жақсы СК" (Щучинск қ.).
 
Жақында "Оқжетпес" стадионында төсеніш ауыстырылды - аренада ФИФА-ның талаптарына жауап беретін жасанды шөп төселді.
 
ҚКФЛ Комиссиясының өкілдері жаңа футбол алаңын зерттеп, "Оқжетпес" стадионында ресми ойындарды өткізуге рұқсат берді.  
 
"Оқжетпес" футбол клубы бұл стадионда жақын арада Премьер-Лига мен Екінші лига ойындарын қабылдай алады.