KZ
KZ RU
04 қазан 2021 10:15

ҚКФЛ Анатолий Ионкин атындағы сыйлықты тағайындады!

04 қазан 2021 10:15

4 қазанда атақты қазақстандық сұрмерген Анатолий Ионкин 71-жасқа толар еді.

Анатолий Михайлович шабуылшы ретінде туған жерінің «Уралец», «Спартак» (Семей) және «Қайрат» командаларында ойнаған. КСРО біріншілігінің жоғарғы лигасында 70 ойын өткізіп, 25 гол соқты, 1 лигада - 70 ойын, 39 гол. КСРО спорт шебері болып табылады.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін «Жезқазған», «Уралец» футбол клубтарында және «Кайнур» шағын футбол клубында бапкер болып жұмыс істеді. Ұлттық, Олимпиадалық және жастар құрама командаларын ірі халықаралық жарыстарға дайындауға көмектесті. Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкерінің қызметін атқарды. Қазақстан футбол федерациясында ұзақ уақыт жұмыс істеді, 2001 жылдан бастап, 2009 жылға дейін ҚФФ Вице-президентінің қызметін атқарды. Анатолий Михайловичтің ойыншылық мансабы отандық футболдың өсіп келе жатқан ұрпағы үшін үлгі болып табылады.

2009 жылдың 13 мамырында аты аңызға айналған шабуылшы өмірден озды.

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Анатолий Ионкин атындағы жүлдені тағайындады. Аталмыш жүлде маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік жас ойыншысына берілетін болады.