ҚКФЛ атқарушы директоры ЕКФЛ ассоциациясының страгегиялық комитетінің отырысына қатысты
Лебедевтың үйге оралғаннан кейін, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты Максим Станиславұлына бірнеше сұрақ қойды.
- Осыдан бір ай бұрын біздің еліміз Еуропа кәсіпқой футбол лигалар қауымдастығы қатарына кірген болатын. Бұл туралы толығырақ айта аласыз ба?
- Бұл ассоциация – бірнеше Еуропа футбол лигаларын бірлестіретін спорттық уйым. Соған қазір 24 елдің 32 лигасы кіреді. Бұл ұйым Еуропадағы федерациялар кіретін УЕФА сияқты. Осылай бірнеше елдің лигалары да қосылып, бір үлкен ұйымға айналды. Бұл ассоциация көптеген ірі спорт ұйымдармен қарым-қатынас жүзеге асыруда. Мысалы, УЕФА, FIFPro, ЕСА, ESSMA және тағы да басқалар.
- Еуропа кәсіпқой футбол лигалар қауымдастығы қандай басты мақсатты жүзеге асырады?
- Біріншіден, УЕФА кәсіпқой футбол комитетінің жұмысына араласады, яғни, футболдың саясатын, оның дамуының бағытын анықтайды. Сонымен қатар оған ұйым мүшелерінің біріңғай мүддесін қорғау және нарықта жұмыс істейтін қатысушылармен байланыс та кіреді. Үшіншіден, біз бір-бірімізбен тәжірибе арқылы алмасып, жаңа идеялар және ұсыныстарды қарастырып, доңғалақ үстел, семинарлар, конференциялар өткіземіз.
- Біз үшін осы қауымдастыққа кіру қандай мүмкіндік туғызады?
- Біздің басты мақсатымыз – қазіргі заманға сай лиганы құру. Осы мақсатқа біз тек қана басқа елдермен араласып, жете аламыз. Бұған көзіміз жетті. Мысалы, біздің елдің өкілдерін «Манчестер Сити» ұйымдастырған жасөспірімдер футболын дамыту жайлы семинарға шақырған, бірақ тығыз уақытта виза алу мәселесі, өкінішке орай, осы елге баруға мүмкіндік бермеді. Оған қарамастан, болашақта Қазақстан клубтарының өкілдері осындай семинарларға қатысатынына күмәнім жоқ.