KZ
KZ RU
20 мамыр 2022 09:26

ҚКФЛ делегация институтының жобасын іске қосты

20 мамыр 2022 09:26

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі ҚФФ мен ҚКФЛ аясында өткізілетін жарыстардың ұйымдастыру деңгейін көтеру мақсатында 2022 жылғы 28 наурызда өткен Лига мүшелерінің жалпы жиналысында келісілген делегат институтын іске қосты.

Өз жұмысын делегат Бірінші лига клубтары арасындағы Біріншіліктің «Қайсар» - «Оқжетпес» арасындағы орталық ойында бастайды.

Алдағы уақытта ойын делегаттарын тағайындау тәжірибесі Бірінші лиганың орталық кездесулерінде, сонымен қатар футболдан Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты мен OLIMPBET-Кубогында қолдануды жоспарлап отыр.

Делегаттың міндетіне ойынды ұйымдастыру және нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау бойынша функциялар кіреді.