KZ
KZ RU
18 шілде 2017 21:27

ҚКФЛ Football Experience Exchange форумына қатысты

18 шілде 2017 21:27

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының делегациясы 14-15 шілдеде Одесса қаласында өткен Украина Премьер-Лигасы (УПЛ) ұйымдастырған Football Experience Exchange форумына қатысты.  

FEX форумының мақсаты - Шығыс Еуропа және Азия елдерінің спорттық ұйымдары арасында диалог жасауға мүмкіндік беретін және өзекті мәселелерді қарастыратын платформа жасау болып табылады. Форумға Қазақстан, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан футбол лигаларының, Украина футбол клубтарының және спорттық БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы атынан бұл шараға ҚКФЛ Президенті Азамат Айтқожин және спорт директорының орынбасары Александр Кеплин барды.

Азамат Айтқожин сөз тізгінін ұстап, ҚКФЛ аясында өтетін барлық футбол турнирлерінің ерекшеліктері және қазіргі жағдайы, болашақта футболды дамыту жоспарлары туралы айтып өтті. ҚКФЛ Президенті атап өктендей Лига өзінің екі жылдық жұмысы барысында біраз жетістіктерге қол жеткізді. 2017 жылдың маусымынан бастап ҚКФЛ маркетинг бағытын жандандырып, жемісті келіссөздер арқасында сенімды серіктес - Қазақстан Чемпионатының Бас демеушісіне ие болды.

Сонымын қатар Форумда Өзбекстан және Қырғызстан өкілдері сөз сөйледі. Олар өз елдеріндегі кәсіби футбол лигаларының жағдайы туралы тақырып қозғады.

Екі күн нәтижесімен Форум қатысушылары шараны ұйымдастыру жағын жоғары бағалады. Сонымен қатар, өзге елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік бергені үшін УПЛ басшыларына алғыс айтылды.