KZ
KZ RU
06 желтоқсан 2017 14:29

ҚКФЛ футбол клубтардың басшыларымен бірге он-лайн конференция өткізді

06 желтоқсан 2017 14:29

Бүгін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) кеңсесінде Лиганың футбол клуб-мүшелері өкілдерінің қатысуымен интернет-конференция өтті.

Күн тәртібінде алдағы футбол маусымының ұйымдастыру сәттеріне қатысты сұрақтар талқыланды. ҚКФЛ Әкімшілігі 2018 жылғы маусымды жоспарлау және ҚКФЛ жарыстарының Регламентін әзірлеу кезінде ескерілетін пункттерге қатысты басшылардың пікірін тыңдады.  

Футбол маусымы аяқталғанына қарамастан қазіргі келесі жылға дайындық басталып кетті. Бұл жағдайда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Басшылығы 2018 жылға маусымда іс-шараларды жоспарлау барысында Лиганың барлық мүшелерінің пікірін тыңдау дұрыс деп шешті.

ҚКФЛ маңызды сұрақтарды талқылау үшін он-лайн конференцияларды белсенді қолданады. Аяқталған маусымда бұл құрал клуб басшыларының қолдауын тапты. Ұқсас заманауи технологияларды қолдану тәжірибесі әрі қарай жалғасын табады.