KZ
KZ RU
10 маусым 2017 17:21

ҚКФЛ футбол клубтардың маркетинг қызметтеріне алғашқы семинар ұйымдастырды

10 маусым 2017 17:21

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы еліміздің футбол клубтарының маркетологтарына алғашқы семинар өткізді.  

Семинардың бас қонағы - "Локомотив" ФК (Мәскеу, Ресей) маркетинг департаментінің басшысы Дарья Спивак. Екі күндік білім беру бағдарламасы аясында мастер-класс, тәжірибе алмасу барысында бірнеше сабақ топтамасы ұйымдастырылды, сонымен қатар Ресейден келген қонақ қатысушыларға арнайы интерактивті лекция оқыды.   

Дарья Спивак осындай семинарлардың барлық клуб өкілдеріне маңызды екенін атап өтті:

- Мен Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасына Қазақстан маркетологтары үшін ұйымдастырылған алғашқы семинарға шақырғандары үшін алғыс айтамын. Әр клуб өзінің стратегиясымен жұмыс жасайды, сол себептен мұндай тәжірибе алмасу шаралары клубтардың маркетинг кызметтері үшін алға қойған мақсаттарды орындау жолында пайдалы. Сіздің Лига бұл бағытта белсенді жұмыс жасайды. Ол жұмысты мамандар да, жанкүйерлер де көріп отыр. Алға қойылған мақсаттарды орындау барысында және қазіргі жұмыс кезінде сіздерге сәттілік тілеймін!

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан клубтарының үздік маркетинг департаменттері "Локомотив" ФК-мен ҚКФЛ келесімі аясында ресейлік футбол клубынан тағылымдамадан өтеді.