KZ
KZ RU
10 қараша 2017 15:26

ҚКФЛ Футбол маусымының қорытындылары атты Гала-кеш өткізді

10 қараша 2017 15:26
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2017 жылғы маусымды қорытындылайтын мерекелі кеш ұйымдастырды. Іс-шара барысында ҚКФЛ жарыстарында бапкерлер мен ойыншылар арасында болған спорттық номинацияларда үздіктердің аттары жарияланды.  
 
 
Кештің қонақтары Қазақстан футбол Федерациясының Бас хатшысы Каныш Аубакиров, ҚФФ Төрешілік және бақылау Департаментінің Директоры Николай Левников, және де Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының клуб-мүшелерінің басшылары болды.
 
Аяқталған маусымның үздік төрешілері Денис Измайлов, Марат Искаков және Артем Кучин болып танылды. Лауреаттарға дипломдарды ҚКФЛ Президенті Азамат Айтқожин табыстады.
 
 
 
Маусымның  үздік менеджері болып Олжас Абраев атанды. Абраев басшы ретінде Қарағанды облысының сеніп тапсырған "Шахтер" футбол клубын аз уақыт ішінде дағдарыстан шығарып алды. Маусым қорытындысы бойынша команда "ұшу аймағынан" аман қалып, Чемпионатты турнирлік кестенің 7-ші орнында аяқтады.
 
 
Сонымен қатар, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының бастамасымен жаңа номинация тағайындалды. Футбол еліміздің әр облысында аймақ басшысының қолдауын алады. ҚКФЛ Әкімдердің футболды дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап, келесі басшыларға "2017 жылдың Үздік футбол Әкімі" деген атақ тағайындады:   
 
- Футбол клубын барынша қолдағаны үшін, жанкүйерлермен жылы қарым-қатынаста болғаны үшін номинацияның лауреаты болып Атырау облысының Әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев атанды;
 
 
- Ұзақ уақыттан кейін клубты Премьер-Лигаға қайта шығарғаны үшін, футболға деген махаббаты үшін номинацияның лауреаты Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі Құмар Іргебаевич Ақсақалов атанды;
 
 
- Инфроқұрылымға деген арнайы қамқорлығы үшін, клубтың құрылымындағы үш команданы бірнеше жылдар бойы қолдағаны үшін номинацияның лауреаты Қызылорда облысының Әкімі Қрымбек Елеуович Көшербаев атанды.