KZ
KZ RU
07 қыркүйек 2017 18:16

ҚКФЛ өкілдері РФПЛ-сында қонақта болды

07 қыркүйек 2017 18:16
4-6 қыркүйекте Мәскеуде Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы (ҚКФЛ) мен Ресей Футбол Премьер-лигасы арасындағы Меморандум аясында екі жақ өкілдері арасында кездесулер болды.
 
Кездесуге ҚКФЛ атынан Спорттық директордың Орынбасары Александр Кеплин және Спорт бөлімінің Бас маманы Бауыржан Сейсенбеков, ал РФПЛ жағынан Спорттық директордың Орынбасары Павел Селезнев қатысқан.

Кездесуде жарыстарды басқару және өткізу сұрақтары жайында екі жақ тәжірибе алмасты. Ресейлік әріптестер "Ресей Футбол Премьер-лигасының жарыстарын басқару жүйесі" жобасымен таныстырды.

Алдағы уақытта осы жүйені Қазақстанда енгізу мүмкіндіктері қарастырылмақ. Бұл жүйеге футбол клубтарын электронды түрде тіркеу және ойын хаттамаларының электронды түрін қолдану кіреді.

ҚКФЛ шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу жағынан белсенді жұмыс жасауда. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Еуропалық кәсіпқой футбол лигалары" Ассоцияциясының мүшесі болып, бұл мекеменің әр түрлі іс-шараларына қатысады.

Бұдан бұрын РФПЛ-мен қарым-қатынас жасау аясында бірнеше оқу семинарлары өтті.  Сонымен қатар, ҚКФЛ қызметкерлері Украинаның Премьер-лигасы ұйымдастырған халықаралық форум Football Experience Exchange-ге қатысқан.