KZ
KZ RU
21 мамыр 2020 18:26

ҚКФЛ клубтардың спорттық директорларының қатысуымен онлайн-конференция өткізді

21 мамыр 2020 18:26

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған виртуалды жиынға лиганың басшылары мен отандық клубтардың спорттық директорлары қатысты.

Кездесу барысында ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев еліміздің облыстарында орын алған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, футбол маусымын жалғастырудың екі нұсқасын ұсынды.

Қазір OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатын жалғастырудың екі жоспары қарастырылуда. Біріншісі – жарысты жанкүйерлерсіз 15 маусымнан бастап жалғастыру, ал екіншісі – клубтарға ойындарды жанкүйерлерсіз өткізуге 1 шілдеден бастап рұқсат беру. Алайда, аталған жоспарлар уәкілетті органдардың рұқсаты мен елдегі қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін ескеру маңызды.

Сонымен қатар ел чемпионаты ойындарын өткізу кезінде коронавирус инфекциясының алдын алудың арнайы хаттамасы дайындалуда. Бұл құжат OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты, Бірінші лига және ел кубогының матчтары кезінде ойыншылар, бапкерлер және клуб қызметкерлері арасында вирусты жұқтырып алу қауіпін барынша азайтуға бағытталады. Арнайы хаттама дайындау барысында еуропа елдерінде қазіргі уақатта жүзеге асып жатқан ұқсас құжаттар тәжірибесі мен халықаралық мамандардың пікірлері ескеріледі.

Жылдың екінші жартысында COVID-19 вирусының қайта таралуының қауіпіне, яғни барлық кәсіпқой жарыстардың қайта тоқтатылу ықтималдығына байланысты трансферлік терезелердің қосымша опциялары қарастырылды. Клубтарға эпидемиологиялық жағдайға байланысты жазғы трансферлік терезенің ықтимал нұсқаларын ұсынды.

Сондай-ақ Қазақстан Кубогын өткізу бірнеше нұсқалары ұсынылды. Бұл жарыстың форматы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты күнтізбесінің тығыздығына байланысты болады.

Жиын барысында аталған барлық ұсыныстар лига мүшелеріне талқылауға жіберілді. Ұсынылған мәліметтерге қатысты нақты шешімдер алдағы уақытта қабылданады.