KZ
KZ RU
10 тамыз 2021 10:00

ҚКФЛ Леонид Остроушко атындағы жүлдені тағайындады!

10 тамыз 2021 10:00

10 тамызда атақты жаттықтырушы Леонид Константинович Остроушко 85 жасқа толар еді.

Остроушко қазақстандық футболда ұлы тұлға болып табылады. Жаттықтырушы ретінде Леонид Константинович көптеген қазақстандық командаларда қызмет етті – олар «Қайрат», «Цементник», «Алатау», «Целинник» және «Шахтер».

Леонид Константинович Остроушко КСРО спорт шебері және Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады. Оның бастауымен «Цементник» КСРО чемпионатының қазақстандық аймағында «Б» классында 1 және 2 орынға ие болды, «Қайратпен» бірге КСРО Чемпионатының 1 лигасын жеңіп алды, сондай-ақ жоғары лигада 7 орынға қол жеткізді – аталмыш жетістік қазақстандық командалар үшін ең үздік нәтиже болып табылады. Остроушко Қазақстаннан тыс жерлерде де үлкен нәтижелерге қол жеткізді, атап айтатын болсақ ол «Дустликпен» Өзбекстан чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алды, сондай-ақ Беларусь чемпионатында минскілік «Динамомен» үздік команда атанды. Оның бапкерлік жетістіктері қазақ футболының тарихына алтын әріппен жазылған!

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Леонид Остроушко атындағы жүлдені тағайындады. Аталмыш жүлде маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік жаттықтырушысына берілетін болады.