10 қараша 2017 12:26
ҚКФЛ мүшелерінің кезекті Жалпы жиналысы өтті
10 қараша 2017 12:26
Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) мүшелерінің кезекті Жалпы жиналысы өтті. Клуб басшылары 2017 жылғы маусымды қорытындылау үшін және жаңа маусымның келешегін талдылау үшін жиналды.
Күн тәртібінің басты пункты - Екінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің құрамына екі клубты - "Оңтүстік" Академиясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының ОСДЮШОР командасын - қосу туралы ұсыныс болды. ҚКФЛ мүшелері, қос команданың өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, ұсынысты қолдады және бұл сұрақты Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетіне талқылауға жіберуге дауыс берді.
ҚФФ-ның сертификаттау және лицензиялау Департаментінің Директоры Ержан Мұсабеков қатысушыларға ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарды сертификаттау ережелерінің жаңартулары туралы айтып өтті.
ҚКФЛ 2018 жылғы жарыстарының ресми добы бекітілді - ол Adidas компаниясының "Krasava-сы".
Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар Департаменті Бірінші Лига командалары арасындағы Біріншілікте "лимитчиктердің" жасын бекітуге қатысты ұсыныс жасады. Яғни, 1998 жылы туылған ойыншылардан жасы аспайтын екі жас ойыншыны қосу. Сонымен қатар, Департамент Екінші Лига командалары арасындағы Біріншілікке жасы 2000 жылы туылған ойыншылардың лимитін енгізуге ұсыныс жасады. Бұл бастама Қазақстан жастар және жасөсіпірмдер құрамасының ойыншыларына ойын тәжірибесін беру үшін ойыластырылған. Ұсыныстар клуб басшылар тарапынан қолдау тауып, ҚФФ Атқарушы комитетінің қарастыруына жіберілді.
2017 жылғы ҚКФЛ номинацияларының жеңімпаздары бекітілді. Жеңімпаздарды таңдау Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының клуб-мүшелерінің басшылары, бас бапкерлері және капитандары таңдады.
Басқа жаңалықтар