KZ
KZ RU
14 желтоқсан 2021 15:08

ҚКФЛ мүшелерінің жалпы жиналысы өтті

14 желтоқсан 2021 15:08

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Аталмыш іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

Отырыста 2021 жылы ҚКФЛ аясында өткен жарыстардың қорытындысы бекітілді, сондай-ақ 2022 жылғы маусымның алғашқы тіркеу трансферлік кезеңінің мерзімі қарастырылды. Қос шешім де ҚФФ Атқарушы комитетіне түпкілікті бекітуге жіберіледі.

Жиналғандардың алдында Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков сөз сөйлеп, барлығын маусымның аяқталуымен құттықтады. Клубтарға елдегі футболды дамытуға бағытталған жасалған жұмыстары үшін алғыс айтып, ҚКФЛ президенті Олжас Абраевтың қызметін ерекше атап өтті.

ҚФФ бас серіктесі OLIMPBET компаниясының демеушілік қаражатын футбол клубтарына бөлу келісілді. Жалпы алғанда OLIMPBET-Чемпионат, OLIMPBET-Кубок және OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы аясындажүлде қоры 570 000 000 теңгені құрады.

Кезекті жиналыста қатысушылар ҚКФЛ басшылығының бастамасымен техникалық комитетті құруға келісті. Оның құрамына тәжірибелі қазақстандық жаттықтырушылар мен Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары Владимир Никитенко, Ваит Талғаев, Вахид Масудов, Дмитрий Огай, Ұлықбек Асанбаев, Самат Смақов, Андрей Карпович және Давид Лория кірді. Аталмыш комитет Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының және клубтардың тікелей қызметіне байланысты регламенттер, күнтізбелер және басқа да құжаттарды жасау мәселелерінде кеңес беріп, көмек көрсететін болады.

Сонымен қатар бірауыздан қабылданған шешіммен «Қайрат» ФК басшысы Марат Бүркітұлы Баймұқанов «ҚКФЛ құрметті қайраткері» атағына ие болды.

Клуб жетекшілеріне стадиондардың инфрақұрылымы бойынша ҚФФ Регламентіне және Қазақстан футбол клубы өткізетін жарыстарға қатысу үшін ҚР футбол клубтарын сертификаттау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, соның ішінде OLIMPBET-Чемпионат және OLIMPBET -Кубок ойындарында VAR жүйесін енгізумен, сондай-ақ Бірінші және Екінші лиганың барлық ойындарын PIXELOT жүйесі арқылы тікелей көрсетілімдерін ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланды.