KZ
KZ RU
13 қараша 2017 09:42

ҚКФЛ медиа-офицерлерге семинар ұйымдастырды

13 қараша 2017 09:42
2017 жылдың 8-9 қарашасында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Астанада еліміздің футбол клубтарының медиа-офицерлері үшін семинар өткізілді.   

Іс-шараға Премьер-Лига және Біріші Лига баспасөз-қызметтерінің қызметкерлері қатысты.  

ҚКФЛ баспасөз-қызметі өткен маусымның Чемпионаттын қорытындылап, ҚКФЛ Техникалық Регламентін орындау рейтингін жариялады. Бұл рейтингте Премьер-Лига клубтарының 2017 жылғы маусымда жасаған жұмыстары бағаланды. Бұдан басқа, медиа қызметкерлеріне бес үздік баспасөз-қызметтерінің ресми сайттары жұмысының анализі жасалды.  
 
Семинардың негізгі бөгілі УЕФА медиа-офицері және Молдова футбол Федерациясының пресс-атташесі Виктор Дагидың мастер-классынан тұрды. Еуропадан келген қонақ медиа-офицерлердің Чемпиондар Лигасында және Францияда болған ЕУРО-2016 финалдық кезеңіндегі жұмысы туралы айтып өтті, және өз мансабында болған қызықты фактілерді еске түсіріп, қазақстандық әріптестердің сұрақтарына жауап берді.
 
Маусымның қорытындысы бойынша ҚКФЛ үздік баспасөз-қызметтеріне келесі номинациялар берілді:
 
- ҚКФЛ Техникалық Регламентін орындау бойынша рейтингтегі 1 орын - ФК "Ақтөбе";
- ҚКФЛ Техникалық Регламентін орындау бойынша рейтингтегі 2 орын - ФК "Астана"
- ҚКФЛ Техникалық Регламентін орындау бойынша рейтингтегі 3 орын – ФК "Ордабасы"
 
- "Үздік клубтық телеарна" номинациясы бойынша жеңімпаз - ФК "Қайрат"
- "Қонақтағы ойындарда үздік жұмыс" номинациясы бойынша жеңімпаз - ФК "Астана"
- "Екінші Лига ойындарындағы үздік жұмыс" номинациясы бойынша жеңімпаз - ФК "Ордабасы"
- "Ойындардан үздік фото-отчет" номинациясы бойынша жеңімпаз - ФК "Қайрат"
- "Клубтардың пікірінше үздік баспасөз-қызметі" номинациясы бойынша жеңімпаз - ФК "Астана"
- "Үздік өзіндік контент" номинациясы бойынша жеңімпаз - ФК "Ертіс"
- "Үздік өзіндік қазақ тіліндегі контент" номинациясы бойынша жеңімпаз - ФК "Атырау".
 
Номинанттарды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Азамат Айтқожин марапаттады.
 
Семинардың екінші күнінде семинарға қатысушылар болашақ маусымда қажетті Техникалық регламентке жаңартуларды талқылап, кейін 2018 жылы Премьер-Лигаға қатысуға құқық беретін "Ақжайық" пен "Мақтаарал" командалары арасындағы ойынды тамашалады.
 
Айта кететіні 2017 жылғы маусымда ҚКФЛ Техникалық регламентінің арқасында информациялық себеп жасау жағынан клубтардың белсендігі өсті, сонымен қатар, 2016 жылмен салыстырғанда қазақстандық клубтардың баспасөз-қызметтерінің жұмыс сапасы жақсарды.