24 қаңтар 2020 16:27
ҚКФЛ мен АФФ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
24 қаңтар 2020 16:27
Армения астанасы Ереванда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің чемпионаттарының өкілдері бас қосты.
Шара аясында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев пен Армения футбол федерациясының президенті Армен Меликбекян әртүрлі ұйымдастыру бағытында чемпионттарды дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Армения футбол федерациясының Атқарушы комитеті жақын арада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты ерекше мәртебе қабылдап, шешім шығармақ.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің футболшыларының мәртебесі туралы ереже Қазақстан кәсіпқой футбол лигасында бекітілген болатын. Дәл осындай ереже Қырғыз Республикасының Премьер-лигасында қабылданды. 2020/2021 жылғы маусымнан бастап қазақстандық футболшылар Ресей Премьер-лигасы мен Ұлттық футбол лигасында тең мәртебе алады.
Олжас Абраев, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті:
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының әрқашан диалогқа дайын. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі әріптестермен өзара байланыс орнатуға құрметпен қараймыз. Қазіргі таңда ҚКФЛ әр елдің федерация және лигаларымен меморандумға отырды. Келісім аясында тәжірибе алмасып, қазақстандық футболшылардың мүдделерін қорғаймыз. Кезекті кездесу бәсекеге төтеп бере алатын қуатты футбол қауымдастығын құра алатынын дәлелдей түсті.
Басқа жаңалықтар