KZ
KZ RU
14 ақпан 2023 15:12

ҚКФЛ NFT жобасын іске қосты

14 ақпан 2023 15:12

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Metacollect KZ LTD» ЖШС-мен ҚФЛК аясында өтетін жарыстардың негізгі сәттерінің бейнежазбаларын цифрлық NFT-карточкаларды іске асыру жөнінде келісім жасасты.

Кейін барлық бейне файлдар коллекциялық NFT карталарына айналып, жанкүйерлерге ресми интернет-дүкенде сатылады (сайт мекен-жайы - goals.pflk.kz).

Бұл маркетингтік бағыт Қазақстан үшін жаңа және болашағы зор. Қазіргі уақытта NFT әлемдік футбол клубтары арасында танымал. ҚКФЛ мен «Metacollect KZ LTD» арасындағы серіктестік бірыңғай футбол лигасы шеңберінде футбол клубтарының контентін көрсететін алғашқы орталықтандырылған жобалардың бірі болады.

Қазіргі уақытта еуропаның ПСЖ, Милан, Манчестер Сити, Барселона, Ювентус және өзге үздік клубтар NFT-токендерімен жұмыс істейді.

2023 жылдың маусымына goals.pflk.kz сайтында үш түрдегі билеттерді сатып алуға мүмкіндік жасалған:

«Қола»: сүйікті команданың өз алаңындағы барлық голдары

«Күміс»: сүйікті команданың өз алаңындағы және қарсылас алаңындағы барлық голдары + бонустар

«Алтын»: барлық голдар мен әдемі сәттер карталары + бонустар.