25 қыркүйек 2017 16:02
ҚКФЛ президенті Ақтөбенің ҚР Кубогының финалына дайындығын тексерді
25 қыркүйек 2017 16:02
Азамат Айтқожин іссапарымен Ақтөбе қаласына ат басын тіреді. 14 қазанда бұл жерді Қазақстан Кубогының финалы өтеді. Ақтық сында "Қайрат" және "Атырау" футбол клубтары кездеседі.
ҚКФЛ Президенті қаланың бас аренасы Қабыланды батыр атындағы Орталық стадионның жағдайымен танысты. Сонымен қатар, "Ақтөбе" футбол клубының қосалды алаңдары - "Нефтяник" пен ОДЮШОР стадиондарына баға берді.
"Орталық" стадионның үлкен ойынды өткізуге жоғары дайындығы атап өтілді. Алаң, трибуналар, трибуна асты бөлмелері - барлығы стадионы әкімшілігімен жақсы деңгейде ұстауда.
"Нефтяник" стадионы - Қазақстан чемпионатыны үшін жаңа арена. Жақында бұл жерде Премьер-Лига клубтарының қатысуымен бірінші ресми ойын өтті. Жоғары сапалы төсеніш "Ақтөбе" футбол клубы үшін жаттығу орны болып табылады. Қазақстан жастар құрамасының іріктеу ойындары кезінде еліміздің жас ойыншылары өзінің дайындықтарын осы стадионда өткізді.
Чемпионат басында алаңдарды тексеру комиссиясы ҚКФЛ аясындағы барлық ойындарды ОДЮШОР стадионында өткізуге тиым салды. Қазіргі уақытта облыс басшылығы бұл стадиондағы жасанды төсенішті алмастыру мүміндіктерін қарастырып жатыр, себебі жылдың суық мезгілінде "Ақтөбе" ФК үшін бұл арена ойындарды өткізетін жалғыз стадион болып табылады.
Азамат Айтқожин спорттық нысандардан бөлек, ашылуға дайындалып жатырған "Ақтөбе" футбол клубының фан-шопымен танысты. ҚКФЛ Президенті заманауи футболда маркетингтік бағытты дамыту қаншалықты маңызды екенін атап өтіп, "ақ-қызылдардың" бастамасын қолдады.
Басқа жаңалықтар