KZ
KZ RU
25 сәуір 2022 17:49

ҚКФЛ Президенті Қарағанды қаласының футбол инфрақұрылымымен танысты

25 сәуір 2022 17:49

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Рохус Шох жұмыс сапарымен Қарағандыға сапар жасап, қаланың футбол инфрақұрылымымен танысты.

Сапар барысында Рохус Рохусович өткен жылы толықтай қайта құру жұмыстары жүргізілген, сонымен қатар жасанды төсеніші ауыстырылған «Шахтер» стадионына барды. Кейін ол Майқұдық шағын ауданында орналасқан «Литейщик» және Қарағанды сұрыптау станциясының «Локомотив» стадиондарын қарады.

«Шахтердың» қосалқы алаңында Футбол ораталығының түлектерінің жаттығуларын тамашалап, содан кейін орталықтың бапкерлер құрамымен кездесу өткізді. Аталмыш кездесуде клуб басшылығымен бірлесіп, бапкерлердің өңірдегі футболды дамытуға қатысты ұсыныстары тыңдалды.

Сапарды лига басшысы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 7-туры аясында өткен «Шахтер» - «Ақжайық» ойынын тамашалаумен аяқтады.

- Қарағанды — бұл футбол дәстүрі сақталған қала. Жергілікті командада әрқашан клуб түлектері өнер көрсетеді, жанкүйерлер стадион трибуналарын толтырып, ойындарға асы қызығушылықпен барады. Қазіргі таңда әкімдік өңірде футболды дамыту үшін көп жұмыс атқаруда, бірақ, өкінішке орай, көңіл қуантпайтын мәселелер бар. Қазіргі уақытта орталық стадионда алаңды жылыту жүйесі толық жұмыс істемейді, балалар мен жасөспірімдер футболына арналған ең жақсы инфрақұрылым емес. 21 ғасырда балалар футболмен осындай жағдайда айналыспауы керек. Қарағанды облысының әкімі спорт пен футболды жақсы көретінін білемін, атап айтқанда, спорттың халықтың әлеуметтік өміріндегі маңызын түсінеді. Сондықтан жағдай жақын арада шешімін табады деген үміттемін. Бұл салада көп жұмыс істеу керек, егер балаларға жағдай жасалмаса, онда болашақ болмайды. Мәселенің түбіне қарау керек. Қарағанды секілді үлкен қалада өрістер пайда болуы керек, балалар маусым бойы жақсы жағдайда жұмыс істей алатындай толық өлшемді манеж болуы керек, себебі олар өздерінің жаттығу процесін алты ай бойы жабық залдарда өткізуге мәжбүр. «Шахтер» футбол клубының басшысы Ерлан Оразаевты атап өткім келеді, ол кәсіби ойыншы, сондықтан барлық мәселелерді ішінен біледі. Бұл оған балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған сауатты жұмыс жасауға көмектеседі. Бірақ бір клубқа аймақтағы жағдайды түбегейлі өзгерту қиын болады, биліктің қолдауы қажет. Алдағы уақытта өңір басшылығы бұл мәселеге толығымен назар аударады деген сенемдемін, - деді ҚКФЛ Президенті.