KZ
KZ RU
03 желтоқсан 2015 16:44

ҚКФЛ президенті Олжас Абраев УЕФА маркетинг комитетінің отырысына қатысты

03 желтоқсан 2015 16:44

Кез-келген федерациядағы, әрбір кәсіпқой лига тек қана спорттық бағытты дамыту ғана емес, оның маркетинг деңгейі де өсуі керек. Егер біз футболымыздың жоғары сапалы болуын, жанкүйерлерге, осы спорт түрін сүюшілерге, телевизияға, демеушілерге, серіктестерге жағымды болуын қаласақ, көп еңбектену қажет. Клубтарымызға өз жағымды түрін, ал Лигаға өз деңгейін көтеру керек. Бұл - біздің ортақ мақсатымыз. Қазір біз тек алғашқы қадамдарын жасаймыз. Осы қадамдардың бірі – ҚКФЛ-дың Еуропа кәсіпқой футбол лигаларының қауымдастығына кіруі. Әріптестердің кең тәжірибесін Лигамыздың дамуы үшін пайдаланамыз.

Біз қазір жұмыс істеген бағыттарымыздың бірі - телевизия құқықтарының мәселесі және демеушілерді табу. Көптеген Еуропаның клубтары осы құқықтарды сатып, қаржы табуда, бірақ бұл дайын және сапалы өнімнің нәтижесі. Бізде қазір ештеңе де жоқ деп айтуға да болады, сондықтан осы өнімімізді дайындау қажет. Инфрақұрылымды дамыту, стадиондарымызды трансляцияларға дайын түрге келтіруіміз керек. Телевизия құқықтарының сатуына не кіреді? Каналдарымыз футбол көрсететін уақытты қазір жарнама үшін пайдалана алмайды, өйткені әлі футболды түсіру тәжірибесін және сапасын молайту қажет. Тағы бір мәселе – жоғары деңгейлі комментаторлардың жетіспеушілігі. Олар, әрине, біздің елімізде бар, бірақ өте аз. Жақында болатын Лига Қеңесінің отырысында осы мәселені клуб басшыларымен талқылаймыз, - деді Олжас Абраев Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына Швейцариядан оралғаннан кейін.