KZ
KZ RU
22 қараша 2016 12:47

ҚКФЛ президенті отставкаға кетті

22 қараша 2016 12:47

ҚКФЛ кеңсесінде ҚФФ президентінің міндетін атқарушы Сейілдә Байшақов, ҚФФ-ның бас хатшысы Қаныш Әубәкіров және бас хатшының кеңесшісі Әміржан Түсіпбеков Бағлан Ергешовке алғыс сөздерін білдірді. 

Қазақстан футбол федерациясының басшылары Ергешовтың футболға қосқан үлесін құрметпен бағалап, болашақта табысты болуын тіледі. Бағлан Ергешев ҚФФ-ның басшыларына өз ризашылығын білдіріп, ҚКФЛ қызметкерлеріне өткен футбол маусымындағы табысты жұмысы үшін алғысын айтты.