KZ
KZ RU
29 сәуір 2022 19:19

ҚКФЛ Президенті Рохус Шох: «Лига клубтардың инфрақұрылымы мәселелерінде түбегейлі позиция ұстанады»

29 сәуір 2022 19:19

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Рохус Шох жұмыс сапарымен Таразға барып, қаланың футбол инфрақұрылымымен танысты, сонымен қатар «Тараз»футбол орталығының бапкерлер штабымен штабымен кездесті.

Сапар барысында Рохус Рохусович қаланың Орталық және жақында күрделі жөндеу жүргізілген «Ұлан» стадиондарының, сондай-ақ клубтың жаңартылған базасының өзекті жағдайымен танысты.

Лига басшысы футбол орталығының  бапкерлерімен кездесуде өңірдің балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту және іріктеу мәселелерін талқылап, сапарды Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының «Тараз» - «Ақтөбе»ойынын тамашалаумен аяқтады.

- Тараз қаласына сапар мен үшін ерекше екенін жасырмаймын, өйткені бұл менің отаным, өскен қалам. Бұл жердемен білім алдым, футболмен айналыса бастадым. Мен үшін әр үй, аллея және футбол алаңдары туған болып табылады. Орталықтыңбапкерлермен кездесу өте маңызды болды, көпшілігін мен жеке танимын, кейбіреулерімен бірге футбол ойнадым. Орталықтың бапкерлер штабымен өткен кездесу көңілімнен шықты, Тараз футболы таланттардың басты шеберханасы болып табылатыны орынды. Өңірде дәстүрлер сақталған, бапкерлер құрамы бір орында тұрмай, дамып, жаңа әдістемелерді үйренуде. Маған олардың жігері мен дамуға деген талпыныстары ұнайды. Бұл Игорь Шпанера мен Сергей Пактың еңбегі, олар өз ісін терең біледі және процесті орталықта сапалы түрде құрады. Кездесуге еліміздің бапкерлер цехының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Георгий Хутиди шақырылды, ол өз тәжірибесімен бөлісті. «Тараз»- «Ақтөбе» ойынына келер болсақ, кездесуде Жамбыл облысының жаңа әкімі Нұржан Нұржігітовпен кездестім. Ол тағайындалғаннан кейін бірден футболға келгені футболдың аймақтың әлеуметтік өміріндегі маңыздылығын түсінетіндігін көрсетеді. Келесі күні әкім мені облыстық спорт және клуб басшылығының қатысуымен өткен кездесуге шақырды, жиында клуб пен жалпы өңірдегі футболды дамыту мәселелері талқыланды.

Нұржан Молдиярұлы өңірдегі футболға деген сүйіспеншілікті атап өтті, ол ойында жинаған 6-7 мың адамның саны оданда асуы мүмкін екенін түсінеді, сол себепті келешек ойындарды стадионға одан да көп жанкүйерлер келетініне сенімдімін. Бұндай халық санын аймақтағы бірде-бір іс-шара жинай алмайды. Сонымен қатар мен кездесуде Орталық стадиондағы алаңның сапасын сынға алдым, бұл төсеніш еліміздегі үздіктердің бірі болды. «Тараз» негізінен жылдам комбинациялық футбол ойнауға тырысатын жергілікті түлектерден жиналған команда, бірақ мұндай сапасыз алаң оларға өз шеберлігін толық көлемде көрсетуге мүмкіндік бермейді. Мен аймақтағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша әкімге бірқатар ұсыныстар жасадым. Футбол инфоқұрылымы клубтың жедел басқаруында болуы маңызды екенін ерекше атап өттім. Сонымен қатар, клубтың қаржылық жағдайына алаңдаушылық білдірудемін, себебі «Тараз» футбол клубының қарыздары бар. Лига негізгі стадиондардың, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер жарыстарына арналған алаңдардың жағдайына, сондай-ақ клубтардың қаржылық бөлігіне қатысты өте қатаң позицияны ұстанатын болады. «Таразда» клуб басшылығына жаңа адамдар, яғни жас менеджерлер мен бапкерлер штабы келді, олардың барлығы жергілікті мамандар екендігі маңызды. Қазір оларға көмектесу керек, әкім аймақтағы футболдың дамуына жалпы қолдау көрсететініне уәде берді. Мен сапар нәтижесіне қанағаттымын, әкіммен кездескеннен кейін өңірде футболды жақсы көретініне көзім жетті, оның әлеуметтік маңыздылығын түсінеді және бұл жағдай футболдың одан әрі дамитынына үміттендіреді, - деді ҚКФЛ президенті.