KZ
KZ RU
06 тамыз 2021 10:57

ҚКФЛ Құралбек Ордабаев атындағы жүлдені тағайындады!

06 тамыз 2021 10:57

6 тамызда атақты қазақстандық қақпашы Құралбек Ордабаев 72 жасқа толды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Құралбек Досжанұлын құттықтай отыра, оның жақындарына денсаулық пен амандық тілейді!

Ордабаев КСРО спорт шебері болып табылады. Ол «Металлург» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы), «Мелиоратор» (Шымкент) командаларында ойнады. КСРО халықтары арасындағы спартакиадасына Қазақ КСР құрама командасының құрамында қатысушысы болып табылады, сонымен қатар одақтың жастар құрамасында өнер көрсетті. КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында 185 матч өткізді.

Құралбек Досжанұлы кеңес футболы тарихындағы 11-метрлік айып соққыны қайтару бойынша үздік қақпашылардың бірі болып табылады. 1973 жылы Жоғары лига командалары арасында КСРО чемпионатында ойыннан кейінгі пенальти сериясында 14 соққы, жарыс барысында ойыннан 2 пенальти қайтарып, рекорд орнатты.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ағымдағы маусымнан бастап жыл қорытындысы бойынша үздік қақпашыға берілетін символикалық жүлдеге атақты қақпашының атын береді. Бұдан былай маусымның үздік қақпашысына Құралбек Ордабаев атындағы жүлде табысталатын болады.