KZ
KZ RU
06 қазан 2021 10:17

ҚКФЛ Сергей Квочкин атындағы сыйлықты тағайындады!

06 қазан 2021 10:17

6 қазанда қазақстандық ең жарқын шабуылшылардың бірі Сергей Квочкин 83 жасқа толар еді.

Сергей Прокопьевич Өскемен қаласында дүниеге келген, бірақ өзінің футбол мансабын әскердегі қызметінен кейін «Қайрат» командасында бастады. Алматылық клуб сапында жалпы алғанда 300-ге жуық ойын өткізді, 74 гол соғып көзге түсті, Одақтың жоғары лигасындағы Қазақстанның екінші сұрмергені болып табылады. КСРО клубтарының құрамында өнер көрсетіп, Латын Америкасы бойынша турнеге қатысып, аты аңызға айналған «Маракана» стадионында бразилиялық «Флумененсе» қақпасына гол соқты. «Қайраттан» бөлек павлодарлық «Строитель» мен өзінің туған клубы «Востокта» ойнады.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Квочкин «Восток», көкшетаулық «Торпедо» және  «Екібастұзда» клубтарында жұмыс істеді.

Өмірінің соңғы күндеріне дейін Сергей Прокопьевич балаларды оқытуды жалғастыра отырып, өзін футболға деген махаббтаны жоғалтпады. 2007 жылдың 29 желтоқсанында ол өз шәкірттерімен бірге ойынға барар жолда инфаркт алып, өмірден озды. Атақты Квочкин 69 жасында көз жұмды.

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Сергей Квочкин атындағы жүлдені тағайындады. Аталмыш жүлде маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік шабуылшысына берілетін болады.