KZ
KZ RU
11 наурыз 2018 20:53

ҚКФЛ-ТВ трансляцияларындағы ақауларға қатысты ақпарат

11 наурыз 2018 20:53

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) футбол сүйер қауым алдында кешірім сұрай отыра, Қазақстан Чемпионатының 1 тур ойындарын ҚКФЛ-ТВ-да трансляция жасау барысында пайда болған ақаулар туралы хабарлайды.

 

Ертіс – Атырау

Ойын алдында Павлодар қаласындағы хабарлама құрылғыларында ақау пайда болды. Астана қаласындағы ҚКФЛ кеңсесіндегі мамандардың көмегінен кейін трансляция ойынның 7 минутынан көрсете бастады. Мәселе себептері анықталды және де түсіру тобынын болашақ жұмыстарында кедергі етпейді.   

 

Қайрат – Қызыл-Жар СК

Алматы қаласындағы «Орталық» стадионды интернетпен қамтамасыз ететін операторда апат болды - арена мен оның айналасындағы аймақтар интернетсіз қалды. Сол себептен түсіру тобы матчты он-лайн көрсете алмады. Кездесудің толық видеосы, ойынға шолу  және де соғылған голдар видеосы YouTube-тағы ҚКФЛ арнасына және ҚКФЛ ресми сайтына жүктелді.

 

Ордабасы – Шахтер

«Ордабасы» ФК ҚКФЛ-ТВ жобасына қажетті интернетпен қамтамасыз ету жағынан футболдан Қазақстан Чемпионатының Регламентінің талаптарын орындамады.
 
Регламент талаптарын бұзу факті ойын Өкілдерінің баятаында белгіленген.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы көрермендерден кешірім сұрайды. Жоба мамандары трансляцияларды жақсарту, эфирлерді арнайы графикамен безендіру және камералардың санын көрсету жағынан ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.
Орын алған барлық мәселелер ҚКФЛ Әкімшілігі тарапынан қарастырылды. Біздер басқа ойындарды қараған жанкүйерлерге ризашылығымызды білдіреміз. 1 тур трансляция нәтижесімен ҚКФЛ-ТВ-да жаңа рекорды қойылды – тікелей эфир барысында шынайы уақыт ішінде 10 мыңнан аса көрермен біздің жобамен бірге болды.