KZ
KZ RU
12 желтоқсан 2016 13:09

ҚКФЛ жұмыс тобының онлайн-конференциясы өтті

12 желтоқсан 2016 13:09

Конференция барысында клубтардың жаңа маусымға дайындығының өзекті сұрақтары талқыланды. Солардың ішінде - футбол алаңдарының сапасын қадағалаудың күшейюі, Қазақстан футболының түлектері емес футболшылардың санын Премьер-Лигада және Бірінші Лигада көбету мүмкіндіктері қарастырылды. Оған қоса, Премьер-Лига қатысушыларының санын ұлғайту, чемпионатта екі алтылыққа бөлінуден бас тарту және Премьер-Лигада болашақ маусымда өнер көрсету үшін өтпелі матчты өткізбеу сұрақтары талқыланды.

Конференция қатысушылары Қазақстан Кубогының финалын маусым аяқталмай өткізу туралы өз пікірлерін білдірді. Кездесудің күн тәртібінде жас ойыншылар жайлы сұрақтар да қарастырылды. Оның ішінде – «жас футболшылар» түсініктеменің жасын өзгерту және клубтарды Чемпионат ойындарының протоколдарына жас ойыншыларды еңгізудің міндетінен босату сұрақтары болған.

Барлық маңызды тармақтар бойынша ҚКФЛ клубтары басшыларының ұсыныстары тыңдалды. Соңғы шешім 21 желтоқсан күні өтетін Лига Кеңесінде қабылданады.