KZ
KZ RU
21 ақпан 2023 12:13

ҚКФЛ және Dr.Web серіктес атанды

21 ақпан 2023 12:13
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ақпаратты қорғаудың антивирустық құралдарының өндірушісі Dr.Web компаниясымен серіктестік келісім-шарт жасасты.
 
Келісім тармақтарының біріне сәйкес Dr.Web өзінің барлық өнімдер желісіне отандық футболдың жанкүйерлері үшін 50% жеңілдік жасады. Dr.Web өнімдері жанкүйерлерге киберкеңістікте өздерін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.
 
Осы орайда Қазақстан OLIMPBET-Суперкубогының матчына «Supercup» промокоды іске қосылды.
 
Компьютерлерге және мобильді құрылғыларға арналған лицензияларды, сонымен қатар басқа қосымшаларды www.drweb.kz сайтынан сатып алуға болады.