KZ
KZ RU
23 қаңтар 2017 23:02

ҚКФЛ және РФПЛ әріптестік байланыстарды нығайту үстінде

23 қаңтар 2017 23:02

Ресей Лигасының президенті кездесуді жасөспірімдер құрамасы Гранаткин турнирінде алған екінші орынмен Қазақстан футбол федерацияны құттықтаудан бастады.

Диалог барысында басшылар өзара ынтымақтастықты дамыту жайлы көптеген тәсілдерді қарастырды. Олардың ішінде: ойындар өтетін стадиондарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Премьер-Лигасының тартымдылығын арттыру, делегаттар институтының дамуы, футбол алаңдарында жарыстарды өткізуге рұқсат беру, ұлттық футбол федерациямен өзара әрекеттестік және тағы да басқалар.

Ресей Премьер-Лигасының өкілдері жиналған бай тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Оған қоса, жақында бірлескен іс-шаралар өткізілетіні жайлы уағдаластық  жасалып, Қазақстан футбол мамандары сол елде тағылымдама өтетіні туралы өзара келісім-шарт қабылданды.

Ресейлік әріптестер Қазақстан жерінде семинарлар және конференцияларды өткізу мүмкіндігіне оң қарайтынын мәлім етті. Жақында ҚКФЛ мен РФПЛ мүшелерінің және екі лига қызметкерлерінің арасындағы ресми жолдастық ойындар өткізілуі мүмкін.