KZ
KZ RU
28 наурыз 2022 19:23

ҚКФЛ жалпы жиналысының кезекті отырысы өтті

28 наурыз 2022 19:23
28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Футбол үйінде Лиганың жалпы жиналысының отырысы өтті.
 
Лиганың жалпы жиналысының отырысын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Наразбайұлы Барменқұлов ашты.
 
Іс-шара барысында бірқатар маңызды ұйымдастырушылық мәселелер қозғалды. Жиналған клуб жетекшілеріне Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және Премьер-лиганың жетекші клубтарында жұмыс жасаған, мол тәжірибесі бар Лиганың атқарушы директоры Газинұр Әлімов таныстырылды. Жиналғандар ҚКФЛ жарғысына техникалық өзгерістерді бекітті. ҚР OLIMPBET-Чемпионаты және OLIMPBET-Кубогы ойындарында делегаттардың қызметін реттейтін ережелер қаралды. Допингке қарсы қызмет бойынша футбол клубтары үшін семинарлар өткізу мерзімдері келісілді.
 
Сонымен қатар, жалпы жиналыс барысында лига құрамына «Академия 05 ФК» ЖШС қабылдау және «Рузаевка ФК» ЖШС шығару туралы шешім қабылданды.
 
Футбол клубтары шешімімен ҚКФЛ атынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына ұжымдық үндеу жолдау ұйымдастырылды. Атап айтқанда, клубтар «Қайрат» ФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаевқа қатысты істі әділ қарауды қамтамасыз ету туралы өтініш білдірді.
 
Күн тәртібіне қосымша ҚФФ бас хатшысы лауазымына тағайындалуына байланысты ҚКФЛ президенті Олжас Абраевтің өкілеттігін тоқтату мәселесі қаралды. Клубтар бұл ұсынысты қабылдады.
 
Олжас Абраев ҚКФЛ Президенті лауазымына кандидат ретінде Рохус Шох ұсынылды. Отандық клубтар бұл кандидатураны қолдады. Рохус Шох ҚКФЛ Президенті лауазымына сайланды.