ҚКФЛ жалпы жиналысының кезекті отырысы өтті
28 қыркүйекте Астанада футбол үйінде Лиганың Жалпы жиналысының отырысы өтті.
Іс-шара барысында бірқатар маңызды ұйымдастырушылық мәселелер, оның ішінде Ұйым қызметінің барлық негізгі бағыттарын мақұлдайтын Лига кеңесін құру идеясы талқыланды. Кеңес құрамына ҚКФЛ Президенті, чемпионатқа қатысатын лигаға мүше клубтардың 8 өкілі, Бірінші Лига біріншілігіне қатысушылардан 2 өкіл кіретін болады.
Лиганы Атқарушы директор лауазымының атауын ҚКФЛ Бас хатшысы лауазымына өзгерту туралы шешім қабылданды. ҚКФЛ Бас хатшысына ұйымның жедел басқарудың барлық функциялары беріледі.
«Қазақстанның жасөспірімдер футбол лигасының» жобалық кеңсенің басшысы Александр Орлов Қазақстандағы жастар футболының әлеуетін дамыту жолында түрткі болатын «Freedom жасөспірімдер лигасы» атты жаңа футбол жарысының тұсаукесерін жасады. Аталмыш жоба жас ойыншыларды дайындау принциптерін сапалы деңгейге шығару жолында үлкен қадам болып табылады. Бірінші кезекте бұл жоба жастар чемпионатын демеуші тарапынан қаржыландыру арқасында жүзеге асады.
Жиналыс аясында қаралған маңызды мәселелердің бірі — 2023 жылғы маусымның Бірінші лига клубтары арасында футболдан Қазақстан Республикасы Біріншілігінің титулдық демеушісін бекіту. Клубтар қазақстандық «UBET» букмекерлік компаниясымен келісімшартқа қол қоюды және «UBET-Бірінші Лига» турнирінің жаңа ресми коммерциялық атауын бекітуді қолдады.