KZ
KZ RU
06 қыркүйек 2019 23:57

Кипр мен Қазақстан тең түсті

06 қыркүйек 2019 23:57
Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Кипрмен тең ойнады - 1:1. 
 
Ғафуржан Сүйімбаев берген пасты голға анйалдырған шабуылшы Алексей Щеткин кездесудің екінші минутында есеп ашты. Алайда, Кипр футболшылары үзіліске дейін таразы басын теңестіріп кетті. Голдың авторы - Сотириу.
 
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 10 қыркүйек күні Ресеймен өткізеді. Ойын Калининград қаласында өтеді.  
 
Кипр – Қазақстан 1:1 (1:1)
Голдар: Сотириу 39 – Щеткин 2
Қазақстан: Непогодов, Ерланов, Малый, Марочкин, Сүйімбаев, Перцух, Қуат, Тағыберген (Жуков 82), Вороговский, Исламхан (Федин 65), Щеткин (Айымбетов 87)
6 қыркүйек. Никосия, Кипр. ГСП.