KZ
KZ RU
14 маусым 2022 13:41

Константин Горовенко – мамыр айындағы OLIMPBET-Чемпионаттың үздік бас бапкері!

14 маусым 2022 13:41

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы мамыр айының үздік бапкерін анықтау мақсатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бас бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді.

Бапкерлердің таңдауы бойынша «Атырау» ФК бас бапкері Константин Горовенко өткен айдың үздігі атанды. Батыс-Қазақстандық клуб мамыр айында өткен төрт ойында 8 ұпай жинады. «Мұнайшылар» аталмыш ойындарда екі рет жеңіске жетіп, екі кездесуді тең аяқтады. Осы нәтиженің арқасында «Атырау» турнир кестесінің көшбасшыларының қатарында өз орнын сақтауда.

Екінші және үшінші орындарды «Каспий» командасының бас бапкері Николай Николов Костов пен «Тараздың» бас бапкерлері Нүркен Мазбаев бөлісті.

Кім кімге дауыс берді: