KZ
KZ RU
30 тамыз 2020 11:15

Конституция күнімен құттықтаймыз!

30 тамыз 2020 11:15

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

Еліміздің Ата заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, тарихи дамуымыздың жалпыұлттық бағдарын айқындауда басты мәнге ие болып отырғанын дәлелдеді.

Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.

Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, ашық аспан, игі бастамалар мен бақ-береке тілейміз!