KZ
KZ RU
20 қыркүйек 2018 14:30

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде спорт менеджерлерін қайта даярлау бағдарламасы ашылды

20 қыркүйек 2018 14:30

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының жетекшілеріне арналған спорт менеджерлерін қайта даярлау инновациялық бағдарламасының алғашқы бөлімі ашылды. 

Бұған дейін, Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті үш модульден тұратын инновациялық жобаны іске қосқан болатын. Жобаның мақсаты - отандық футбол менеджерлерінің біліктілігін арттырып, қайта дайындықтан өткізу. 

Алғашқы бөлімде тәлім беруге «Синергия» университетінің (Ресей) спорт менеджменті орталығының директоры Валерий Гореликов, «Локомотив» (мәскеу, Ресей) ФК Атқарушы директоры Алексей Киричек және Жағажай футбол лигасының ұймдастыру комитетінің бас директоры Андрей Симонов шақырылды.