KZ
KZ RU
06 маусым 2022 09:50

Ұлар Жақсыбаевтың нәтижелі соққысы мамыр айының үздігі атанды!

06 маусым 2022 09:50
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы мамыр айының үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
 
Жанкүйерлердің таңдауына Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 4 турының ойындарында соғылған 7 гол ұсынылды.
 
Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақсу» футболшысы Ұлар Жақсыбаевтың голы бірінші орынға ие болды. Аталмыш голды Жақсыбаев Чемпионаттың 11-турының аясында «Тұран» қақпасына соқты. Бұл нәтижелі соққыны 498 (38, 07 %) адам үздік деп таныды.