KZ
KZ RU
02 тамыз 2017 18:00

Легия - Астана - қазақстандық клубты Чемпиондар Лигасында қолдайық

02 тамыз 2017 18:00
Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні "Астана" футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде польшалық "Легияға" қарсы ойнайды.
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының адресіне Еуропаның беделді турнирінде өнер көрсететін еліміздің атынан шығатын командаға қолдау сөздері мен тілектер келуде.
 
Бірінші ойынның нәтижесі қазақстандық клуб халықаралық аренада бәсеке бола алатынын көрсетті. Қазақстандық жанкүйерлер Варшавада болатын қарымта ойында елордалық клубқа сапалы және сенімді ойын көрсетуіне тілектес.
 
ҚКФЛ айтылған барлық тілектерге қосылады және "Астана" Чемпиондар Лигасына қатысуын жалғастырып, барлық қазақстандықтарға мейрам сыйлайтынына сенімді.  
 
"Легия" - "Астана" ойынының тікелей көрсетілімі "Kazsport " телеарнасында жоспарланған, ойынның басталуы 00:45-де.
 
"Астананы" маусымның ең маңызды ойындарының бірінде қолдайық!