Лига кеңесінің отырысы өтті
Лига кеңесінің отырысында ҰФЛ жетекшісі Олжас Абраев пен Кеңес төрағасының орынбасары, "Шахтер" футбол клубының директор Ерден Халилин жүргізді.
2012 жылғы ел біріншілігі және қазақстан клубтарының еурододадағы ойындары туралы көптеген мәселелерді талқылады. Атап айтсақ, трансляциялар ұйымдастыру, жанкүйерлермен тығыз жұмыс жасау, балалар және жасөспірімдер турнирлерін көптеп ұйымдастыру мәселелері басты назарда болды. Сондай-ақ, кеңес барысында клуб маркетингі жайлы мәселеге ерекше көңіл бөлініп, бұл туралы ҚФФ-тың коммерциялық директоры Серік Диар баяндама жасады.
Ерден Халилин, Лига кеңесі төрағасының орынбасары, «Шахтер» футбол клубының директоры:
«Қазақстан чемпионатының деңгейі, клуб жұмыстарының сапасы бірінші ретте бізге, яғни клуб басшыларына байланысты. Қазақстан футбол федерациясы бұл тұрғыда орасан жұмыстар атқаруда. біз де өз септігімізді тигізуіміз керекпіз. ҚФФ резервтерге де ерекше көңіл бөлуде. Иә, бізге Сербия, Босния, Ресей сынды елдерден келіп жатқан легионерлер аз емес. дегенмен, өз түлектерімізді де назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Осы жылы бірнеше клубта, соның ішінде "Шахтерде" ҚФФ-тың балалар және жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасы бойынша жастарды дайындау орталығы ашылды. Келесі жылы осындай орталықтар барлық клубтың аясында ашылуы керек. Қазақстан чемпионаты туралы айтар болсам, біз әріптестермен осы 12 тур аясындағы кемшіліктерді талқыладық. Бәрі өзіміздің қолымызда. Сондай-ақ, өз алаңымызда өткізетін ойындар да соншалықты көп емес. Сондықтан, әр матчты мереке секілді ұйымдастыруымыз қажет».
Олжас Абраев, ҰФЛ жетекшісі
«Өздеріңіз білесіздер, мен әрдайым Премьер-лига клубтарын аралаумен келемін. кездесулер барысында клуб өкілдері көптеген идеяларымен бөлісіп жатады. Лига кеңесінде біз сол идеяларды ортаға салып, бір-бірімізге көмектесе аламыз. Бүгінгі жиынға біз клуб жетекшілерінен бөлек, спорттық директорларды да шақырттық. Мұндай тәжірибені одан әрмен де жүргізе бермекпіз. Сонда адам көбейген сайын идея да көбейіп, талқыланатын мәселелер де артады».