KZ
KZ RU
12 шілде 2023 12:32

Әлішер Кенжеғұловтың голы маусым айында үздік атанды

12 шілде 2023 12:32

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусым айының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.

Қазақстандықтардың таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионат және UBET-Бірінші Лига матчтары аясында соғылған 7 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» жастар командасының жартылай қорғаушысы Әлішер Кенжеғұловтың UBET-Бірінші Лиганың 13 турында «Арыс» қақпасына соғылған голы маусым айының үздігі атанды. Аталмыш нәтижелі соққы үшін респонденттердің 25,36% өз дауыстарын берді.

Естеріңізге сала кетейік, сауалнамада тек қазақстандық IP-мекен-жайы бар жанкүйерлердің дауыстары ескерілді.

Фото: «Ақтөбе» баспасөз қызметі