KZ
KZ RU
21 маусым 2022 12:41

Лицензиялау жөніндегі Комиссияның шешімдерін орындамағаны үшін «Жетісу» футбол клубынан үш ұпай шегерілді

21 маусым 2022 12:41

«Жетісу» (Талдықорған қ.) стадионының қосалқы алаңының стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі ҚФФ Регламентінің талаптарына сейкес болмауына байланысты лицензиялау істеріне жауап беретін Комиссияның шешімдерін жүйелі түрде орындамағаны үшін, Қазақстан футбол федерациясының футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясы «Жетісу» футбол клубына турнир кестесінде үш ұпай шегеру түрінде санкция қолдану туралы шешім қабылдады.

Аталмыш мәселе 2022 жылдың 1 қарашасына дейінгі шешілген жағдайда, ҚФФ клубтарды лицензиялау Комиссиясы шешімі өзгертіліп, шегерілген үш ұпай клубқа қайтарылады.

Шешімді орындау барысында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі Бірінші лига клубтары арасындағы ҚР Біріншілігінің турнир кестесіне түзетулер енгізді.