KZ
KZ RU
15 қараша 2010 19:56

«Локомотив» — Қазақстан Кубогы-2010 иеленушісі!...

15 қараша 2010 19:56

Төрт мыңға жуық жанкүйерлері келген кеншілер бірінші болып белсенділік танытты. Алаңдағы ойынның әбден қызған тұсы 1220 минуттар аралығы болды. Осы уақыт аралығында алаң қонақтары бірнеше рет бұрыш добын орындады. Соның ішінде ең мықтысы «Локомотив» қақпасының маңдайшасынан қайтқан Сергей Шаффтың соққысы болды. Ол Алексей Белкинмен бетпе-бет келіп, допты одан асыра тепкен болатын. 23-минутта «Локомотив» фанаттарына тағы бір жағымсыз сәт  Александр Кислицынның алыстан бағыттаған күшті соққысы тағы да маңдайшаға тиген кезі.
 

Бірте-бірте «Локомотивтіктер» ойынды өз қақпасының алдынан алыстата бастады. Келесі оқиғалар Александр Григоренко алаңында дамыды. Теміржолшылар стандарттарды негізгі қару ретінде пайдаланды. 29-минутта Александр Киров айып добын қабылдап, баспен соққы жасаған болатын, дегенмен сәл қиыс кетті. Бұл тек «жаттығу» екен. 35-минутта Михаил Рожков дәл сондай мүмкіндікті құр жібермей, есеп басын өз командасына бұрғызды.
Үзілістен кейін сақтықты ұмытып, ашық футбол көрсетті. Доп екі команданың алаңында да ұзаққа тұрақтамады. Дегенмен есеп өзгерген жоқ. Төрешінің соңғы ысқырығы «Локомотивтіктердің" жеңісін айқындап берді. Матч соңында Футбол Федерациясының президенті мен ФФК вице-президенті Сейілда Байшақов марапаттау салтанатын өткізді. «Шахтерлік» ойыншылар мен бапкерлер естелік медальдарды иеленіп, ал «Локомотивтіктер» жеңімпаз атанды. Ал Қазақстан Кубогы «Локомотив» капитаны Роман Пахолюкке тапсырылды.
 

Асқар Әбілдаев, «Шахтердің" бас бапкері м.а:
«Алдымен, Локомотив командасын ҚР Кубогын иеленуімен құттықтағым келеді. Болашақта жетістіктер мен одан ары дами түсіне тілектеспін. Бүгін қызғылықты матч болды. Мықты қолдау көрсетуге келген жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Ойын барысы жайлы айтар болсақ, мүмкіндіктерді жіберіп алмау керектігін тағы да дәлелдегендей. Өз мүмкіндіктерімізді дұрыс қолдана алғанымызда, ойын да басқа арнада өрбір еді».
 

Хольгер Фах, «Локомотив» бас бапкері:
«Біздің командамызға айтқан жылы сөздері үшін әріптесімен рахмет. Оған және оның клубына келесі маусымда сәттілік тілеймін. Ойын ерекше болды. «Шахтердің" жакүйерлерінің қолдауын көргенде, өзімізді алаң қонақтары секілді сезіндік. Екі қақпаның алдында да қызық ойын өрбіді. Кислицын добы маңдайшадан қайтқаны жағдайды жеңілдетті. Дегенмен, екінші таймда Бугаевта екі сәтті мүмкіндік болды. Шахтерге үзілістен кейін керемет мүмкіндіктер бола қойған жоқ, әйтсе-де кеншілер олар шабуылын бір толастатпады. Бізге ойында ұту үшін қарсы шабуылдармен ойнаған ыңғайлы болды. Жеңісімізге қуаныштымыз».
 

ШАХТЕР  ЛОКОМОТИВ 0:1 (0:1)
Гол: Рожков 35
Ескерту алғандар: Рожков 58, Андроник 77  Богданов 15
ШАХТЕР: Григоренко (к), Кислицын, Козюлин, Пикалкин, Руденко, Дордевич, Шафф, Финонченко, Вичюс (Джидич 69), Богданов, Мулиса
Резерв: Шацкий, Боровский, Борантаев, Тарасов, Дубков, Ахмеев
Бас бапкер м.а  Аскар Әбілдаев
ЛОКОМОТИВ: Белкин, Самченко, Нұрдаулетов, Рожков, Киров, Шахметов, Азовский, Пахолюк (к) (Остапенко 81), Андроник (Божиновски 89), Гурман (Даутов 90+2), Бугаев
Резерв: Герус, Шевченко, Кукеев, Спанов
Бас бапкер  Хольгер Фах
Қазылар: Хисамутдинов (Павлодар), Ходин (Атырау), Суюнов (Павлодар), Гаузер (Петропавловск)
Инспектор: Никулин (Талдыкорган)
14 қараша. Астана. «Астана Арена». 9 000 көрермен.